Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы тауларында бес бала жоғалып кетті

Нұрқанат Атажан
26 Маусым 2025, 10:07
2656
Бөлісу:
 instagram.com/109_almaty
Фото: instagram.com/109_almaty

Қалалық құтқару қызметінің “109” пультіне жаттықтырушының жетектеуіндегі бес бала “Көк-Жайлау” үстіртінде серуенге шығып, қайтып оралмағаны айтылған хабарлама келген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Топпен байланыс болмаған. Іздеуге Алматы қаласының құтқару қызметінен бес құтқарушы мен екі техникадан тұратын іздеу-құтқару тобы аттанды.

Сағат 19:35-те құтқарушылар жоғалған топты тапқан. Балалар мен жаттықтырушы жол үстінде болған, бірақ өз бетімен төмен түсе алмаған.

Барлығы аман-есен туыстарына тапсырылды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы