Алматы тұрғындарына аулаға шығып серуендеуге рұқсат етілді

28 Сәуір 2020, 14:15
1839
Бөлісу:
Алматы тұрғындарына аулаға шығып серуендеуге рұқсат етілді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді.


Енді Алматы тұрғындарына таңғы сағат 6.00 ден кешкі 21.00 дейін балалар және демалыс алаңдарына шығуға болады. Дегенмен бұл кезде сақтайтын арнайы санитарлық талаптары бар. 
Біріншіден, ол коронавирусты жұқтырып алмау қауіпсіздігіне арналған. Ол үшін балалар мен демалыс алаңдары, аулаларды күнделікті тазалап, дезинфекция жасау қажет. Оны ПИК және үй иелері жасайды. Екіншіден, далаға шыққан кезде міндетті түрде бетперде тағу керек. 14 жасқа дейінгі балалар ата-анасы немесе үйдегі ересектердің бақылауымен далаға шығады. Біздің тағы бір талабымыз, далаға шыққан кезде топ болып жиналмау, яғни үш адамнан артық жиналмау қажет, - деді Бекшин. 
Сонымен қатар, ол далаға шыққандар адамдар аралығында 2 метр қашықтық режимін сақтау керектігін айтты. 
Сонымен қатар, физикалық қатынаста болмау керек, әсіресе балалар футбол, баскетбол ойнаған кезде осындай қатынасқа келуі мүмкін. Сондықтан спортпен айналысуға тыйым салынады, тек адамдардың таза ауамен тыныстауына жол беріліп отыр. Әр адам жеке гигиенаны сақтауы керек.  Үйге кірісімен міндетті түрде қолды сабындап мұқият жуу қажет. Далаға шыққанда антисептикті бірге ала барған дұрыс, - дейді ол.
 Сөз арасында ол, Алматы қаласы бойынша 60 мыңнан аса коронавирусқа қарсы тестен өткенін жеткізді.
Біз адамдарды текстілеу бойынша үнемі мониторинг жасап отырамыз. Осы уақытқа дейін 41 мыңдай тұрғына ПСР текс жасадық, тағы 20 мыңдай адамға экспресс-тесттен өтті. Қалада 6 зертхана жұмыс істеп жатыр. Әсіресе коронавирус жұқтырғандармен  байланыста болғандарды тексеру белсенді жүргізіліп жатыр. Вирус анықталғандардың 90 пайызы байланысты болғандар, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы