Алматы тұрғындарына қала сыртындағы саяжайына баруына рұқсат етілді

28 Сәуір 2020, 13:29
2264
Бөлісу:
Алматы тұрғындарына қала сыртындағы саяжайына баруына рұқсат етілді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматы тұрғындарына қала сыртындағы өз саяжайларына баруға рұқсат етіледі. Ол үшін қосымша құжат берудің қажеті жоқ. Саяжайға бару үшін қала тұрғындары мына ережені сақтауы керек:

- саяжай меншігін растайтын заңды құжат пен қосымша екі адамның құжаты керек;

- саяжайға барар жолда міндетті түрде медициналық бетперде тағу, қолды өңдеуге арналған антисептик болу керек;

- аса қажеттілік болмаса саяжай аумағынан шығуға болмайды;

- саяжай аумағына көршілер мен қонақ кіргізуге тыйым салынады;

- бір отбасынан үш адамнан артық топталуға болмайды. 
Жасы 65 асқан алматылықтарға үйде болуға кеңес береміз. Осы ережелерді әзірлеу кезінде біз саяжайға баруға рұқсат сұрайтындардың басым бөлігі электронды өтініш беруге қиналатын егде жастағы азаматтар екенін ескердік. Сондықтан жедел штаб саяжайға баратын азаматтардың жүріп-тұруын мейлінше жеңілдетуге тырысты. Енді алматылықтар тек саяжайының бар екенін растайтын құжат пен  жеке куәлігін көрсетсе жеткілікті, - деді әкім орынбасары. 
Сонымен қатар ол саяжайлардың мақсатқа сәйкес пайдалануы ішінара тексеріліп тұратынын жеткізді.
Өзгелердің жаңалығы