Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс аясында ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осылайша, "Азимут" әуе компаниясы 2023 жылғы 28 маусымнан бастап Алматы – Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды. Тасымалдау "Sukhoi Superjet-95" типті әуе кемелерінде бейсенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен орындалатын болады.
Әуе қатынасының қайта жандануы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.