Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында Алматы – Түркістан республикалық Веломарафоны бастау алды. Веломарафон "Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізіледі.
Бұл көзі нашар көретін және зағип велосипедшілердің қатысуымен болып жатқан төртінші веломарафон. Веломарафон "шексіз мүмкіндіктер әлемі!" деп аталады.
Шараның өткізілуіне қолдауға көрсеткен «Ел Тірегі» Қазақстандық шағын және орта бизнес қауымдастығы, «Анашым» қоры және «Шексіз спорт» жобасы.
"Бұл марафонның мақсаты – ынталандыру платформасын құруға бағытталған патриоттық бастама. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау, паралимпиадалық спортты және салауатты өмір салтын дамытуға жәрдемдесу" - дейді ұйымдастырушылар.
Марафонға «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары: Зульфия Габидуллина – паралимпиадалық чемпион; Бахтияр Базарбеков – қоғам қайраткері, Шекарасыз спорт жобасының режиссері және жетекшісі; Валихан Тен – World Class директоры және Алматы әкімінің спорт жөніндегі кеңесшісі; Берік Бижигитов – Александр Винокурова қорының жетекшісі; Асқар Әбубәкіров – «El Tiregi» (Нұр-сұлтан) қауымдастығының төрағасы және зағип жандар қатысты.