Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы аумақтық референдум комиссиясының төрайымы Жанна Асанова брифингте жалпыұлттық дауыс беру процесін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданылғаны туралы айтып берді.
Оның айтуынша, қалада барлығы 574 учаске ұйымдастырылған, оның 67-сі арнайы мекемелерде – ауруханалар, санаторийлер, әскери бөлімдер. Сайлау комиссияларының барлық мүшелері каскадтық модель бойынша оқытудан өткен. Барлық сұрақтар бойынша сайлау учаскелеріне хабарласып, мәлімет алуға болады.
Сондай-ақ ол дауыс беру тәртібін түсіндірді.
Еліміздің басқа өңірлерінде тіркелген, бірақ осы күні Алматы қаласында жүрген азаматтар есептен шығару куәліктерін пайдалана отырып, өздерінің конституциялық құқығын пайдалана алады,-деді Ж. Асанова.
Аумақтық референдум комиссиясы төрайымының орынбасары Айгүл Қалықова дауыс беру күні сайлаушылар жеке куәлікпен келетінін, ал әскери бөлімдерде әскери билет көрсетілетінін айтты.
Бұл жағдайда сіз тіпті электрондық құжаттарды пайдалана аласыз. Қазір адамдардың көпшілігінде eGov mobile мобильдік қосымшасы бар. Дауыс беру күні Алматыда болған, бірақ бастапқыда басқа өңірлерде тіркелген жері бойынша тізімге енген азаматтар да кез келген учаскеде алынған есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беруге құқылы. Бүгінде 646 есептен шығару куәлігі берілген, – деді А. Қалықова.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін үйде дауыс беру ұйымдастырылады. Ол үшін алдын-ала өтініш жазу керек. Мұндай өтініштер 5 маусымда 12.00-ге дейін қабылданады.
Еске салсақ, 5 маусымда сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша жалпыұлттық референдум өтеді.