Алматы құрылыс колледжінің студенттері "Ақылды үй" жобасын жасады

Бүгiн, 18:22
149
Бөлісу:
Алматы құрылыс колледжінің студенттері "Ақылды үй" жобасын жасады
VIDEO
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жұмысшы мамандықтар қаласында Алматы құрылыс колледжінің студенттері Arduino технологиясымен әзірлеген инновациялық "Ақылды үйдің" макетін ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Автоматтандыру жүйесінде уақытқа қарай шамның жанып-сөнуін реттейтін интеллектуалды жарық сенсорлары, сондай-ақ дамыған қауіпсіздік жүйесі қарастырылған.

Мұнда қозғалыс PIR-датчиктері, газ және түтін сенсорлары бар, олар ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алады.

Ал температураны өлшейтін және ылғалдық сенсорлары желдету мен жылыту жүйесінің жұмысын автоматты түрде реттеп, жайлы микроклиматты қамтамасыз етеді.

"Ақылды үйдің" барлық функцияларын Bluetooth және Wi-Fi арқылы смартфоннан қашықтан басқаруға болады.

Қауіп төнген жағдайда, мәселен, газ немесе түтін шыққан кезде жүйе дереу хабарлама жібереді, ал зуммерлер мен LCD-дисплейлер қауіп туралы ескертеді.

Алматы құрылыс колледжінің студенттері "Ақылды үй" жобасын жасады

Біздің жобамыз заманауи технологиялардың баспананы қалай жайлы әрі қауіпсіз ететінін көрсетеді. Мысалы, газдың шығуын жүйе бірден анықтап, иесіне хабарлама жібереді, - дейді колледж студенті Ғаббас Баязитов.

Жүйенің барлық элементтерін студенттер өздері құрастырып, бағдарламалаған. "Ақылды үйді" басқаруға арналған мобильді қосымша Play Market пен App Store қосымшаларында қолжетімді.

Бұл жоба осындай технологияларды тұрғын үйлерге қоюдың нақты перспективаларын көрсетіп, олардың энергия тиімділігі мен қауіпсіздік деңгейін арттырады.

Өзгелердің жаңалығы