Алматының Жетісу ауданындағы Кемел ш/а құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында басталған көпірдің техникалық ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша көпір бойындағы апатты жағдайға салдарынан қозғалыс жабылып, жаңасын салу туралы шешім қабылданған болатын.
Бір аралықты типтегі жаңа көпір құрылымы қысқа мерзімде-шамамен 4 айда тұрғызылды. Жұмыстың бірінші кезеңі аясында апаттық көпірді бөлшектеу, инженерлік желілерді қайта құру, 29 метрлік бұрғылау қадаларын монтаждау, тіректер мен тірек желілерін орнату жүргізілді.
Алматының Жетісу ауданындағы Кемел ш/а құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында басталған көпірдің техникалық ашылуы өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша көпір бойындағы апатты жағдайға салдарынан қозғалыс жабылып, жаңасын салу туралы шешім қабылданған болатын.
Бір аралықты типтегі жаңа көпір құрылымы қысқа мерзімде-шамамен 4 айда тұрғызылды. Жұмыстың бірінші кезеңі аясында апаттық көпірді бөлшектеу, инженерлік желілерді қайта құру, 29 метрлік бұрғылау қадаларын монтаждау, тіректер мен тірек желілерін орнату жүргізілді.
Салынған көпір ескіден екі есе ұзын: 16,8 метрге қарсы 33 метр. Сондай-ақ ені 8,5-тен 14,5 метрге дейін ұлғайтылды, жүріс бөлігінің екі жағында әрқайсысы 1,5 метр жаяу жүргіншілер тротуары ұйымдастырылды.
Жаңа көпір толығымен аяқталды және барлық ережелерге сай салынған. Ол автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз қозғалысқа кепілдік бере отырып, барлық қажетті тексерулер мен сынақтардан өтті.
Екінші кезең аясында өзен арнасын нығайту және жарықтандыруды қамтитын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұдан басқа, өзен арнасын техника үшін уақытша негізден тазарту жүргізілетін болады. Бұл жұмыстарды ағымдағы айдың соңына дейін жүргізу жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айында 60-шы жылдардағы көпір құрылысына жүргізілген техникалық тексеру бетон конструкцияларының ішінара бұзылуын, көпір тіректерінде жарықтардың пайда болуын, деформациялық тігістің болмауын және өзге де ақауларды анықтады.