Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылды

23 Маусым 2022, 04:45
1166
Бөлісу:
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали тәртіптік жауапқа тартылып, мемлекеттік қызметтен босатылды.

Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін теріс қылығы үшін Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали тәртіптік жауапқа тартылды (мемлекеттік қызметке үш жыл ішінде жұмысқа кіруге тыйым салынады) және қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтен босатылды, - делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметкермен сыйақы туралы сөз таластырған видео пайда болған еді. Кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті дәрігер Лаура Мырзағалиға қатысты тексеру басталғанын мәлім еткен.

Өзгелердің жаңалығы