Алматы полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді жауапқа тартты

11 Наурыз 2024, 21:29
530
Бөлісу:
Алматы полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді жауапқа тартты
Фото: polisia.kz

Алматыда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау және шетелдіктердің ҚР-да болу ережелерін бұзу деректерін анықтау үшін “Келімсек” жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шара 11-15 наурыз аралағында өткізіледі.

Сонымен қатар бұл іс-шара еліміздегі шетелдіктердің құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған. Жедел іс-шараның бірінші күнінің қорытындысы бойынша қалада барлығы 80 көші-қон заңнамасын бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік азаматтардың жаппай болатын жерлері ерекше бақылауда, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Өзгелердің жаңалығы