Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы полициясы балалар үйінен қашып кеткен қыздарды тапты

4 Тамыз 2025, 22:15
1289
Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері қаладағы балалар мекемелерінің бірінің екі кәмелетке толмаған тәрбиеленушісін тапты. Олар бір күн бұрын өз еркімен тұрғылықты жерінен кетіп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қыздар Алматы облысының аумағында табылды.

Қазіргі уақытта екеуі де барлық жағдайларды анықтау үшін Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады, – деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда №1 балалар үйінен екі қыздың қашып кеткенін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы