Алматы, BAQ.KZ. Аса ауыр қылмыс бүгін таңертең қаланың Бостандық ауданында орын алған. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарлама 08 сағат 59 минутта "102" пультіне келіп түсті. Аңшылық мылтықтан 1975 жылы туған Ш.есімді азамат кісі қолынан қаза тапты.
Бұл қылмыстың беті бірден ашылды. Күдікті қалада енгізілген "Перехват" арнайы жоспар барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында ұсталды. Одан қылмыстық қару тәркіленді. Кісі өлтіру себебі анықталуда, - деді, Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.