Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы күзетшіні жаралаған қарулы адамды ұстауға әрекет жасап жатқандарын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта пәтерде жасырынған күдіктімен келіссөздер жүргізілуде. Қарулы адам келіссөздерден бас тартты. Оған қоса, ол баспалдақ алаңына қарай 10-нан астам оқ атқан,-делінген хабарламада.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған үйдің тұрғындары эвакуацияланған.
Полиция азаматтарды тыныштыққа шақырады.
Жәбірленуші реанимацияда, оның өміріне қауіп жоқ. Қылмыскерді ұстау және залалсыздандыру бойынша арнайы операция жалғасуда,-делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда белгісіз ер адам Бұхар-Жырау Тауэрс тұрғын үй кешенінің
күзетшісін атып кеткен еді. Сондай-ақ интернетте Алматыда күзетшіні қарулы адам жарақаттаған сәттегі
видеосы пайда болды.