Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы полицейлері маска режимін бақылауды күшейтуге шақырды, деп хабарлады Polisia.kz.
2021 жылы 24 шілдеде Алматы қалалық әкімдігі, полиция департаменті және қалалық автопарк өкілдерінің қоғамдық көліктердегі карантиндік шаралардың сақталуы туралы бірлескен жиналысы өтті.
Қоғамдық көліктерде бетперде режимін сақтау бойынша мониторингтік топтар жүргізген тексерулердің нәтижелері жарияланып, талқыланды.
Жиналыс қорытындысы бойынша автобус парктерінің басшыларына жолаушыларды тасымалдау кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.
Бүгінгі күні коронавирустық инфекцияны жұқтырудың негізгі орындары базарлар, қоғамдық көліктер, мейрамханалар, кафелер, саябақтар, сауда орталықтары – азаматтардың көп жиналатын орындары.
Айта кетейік, бетперде режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 425 бабы бойынша 30 АЕК (87,510 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.