Жетісу жолдарына "Видар" автоматтық тіркеу жүйелері орнатылды. 15 бекетте арнайы камера іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
“Видар” жүйесінің бұрынғы камералардан айырмашылығы жоқ, ол да жылдамдықты шектен асыру, жол белгілері мен жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркейді. Дегенмен тіркелген фактіні уәкілетті қызметкер тексеріп, электронды цифрлық қолтаңбамен растайтын болады.
Жол тәртібі өте қоғам үшін маңызды. Осындай технологияларды енгізу арқылы жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Мұнда жүргізушілердің жеке жауапкершілігі де ескеріледі. Әрі жылдамдықты шектен тыс асырған көліктердің саны азайып қана қоймай, жол көлік оқиғасының да болу ықтималдылығы төмендейді. Қай жағынан да тиімді, - дейді облыстық ПД жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайсар Махмұтов.
![Алматы–Өскемен тас жолына қосымша 15 камера орнатылды](/userfiles/images/WhatsApp%20Image%202025-02-06%20at%2013_21_35%20(1).jpeg)
Айта кетейік, "ВИДАР" АТЖ орнату орындарына жолдағы ауылдардың маңайы таңдалып алынған. Атап айтсақ, бұдан былай Пригородное ауылынан, Сарыбұлақ саяжайынан, Жалайыр даңғылынан шығыс бағытта жаяу жүргіншілер өткелінен өту 40 км/сағ болады.
Ал Үйтас саяжайы, Үштөбе қаласына қарай бағыт, Арқарлы асуы, АКЛ базарының алды, Қызылтоған кенті, "Алматы-Шелек-Қорғас" автожолы және Көлтабан ауылы мен Жансүгіров кентінен өту жылдамдығы 60 км/сағ дейін шектеледі.
Жолдың бақылау бекеттерінің көбейгені такси қызметімен айналысатын жүргізушілерге өте қиын болды. Себебі бұрын Алматыға тәулігіне 2-3 рет қатынайтын олар, камераның салдарынан күнінен бір рет барып-келеді. Бұл өз кезегінде жол ақысының көбеюіне әкелді. Қазір жылдамдықты шектен тыс асыруға бәрі қорқады, - дейді қала тұрғыны Есдәулет Толасбаев.