Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Оның айтуынша, басқа аудандарда, «Алматы – шетсіз қала» тұжырымдамасына сәйкес, тығыздық гектарына 440 адамнан аспауы керек. Бұл тармақ қала құрылысы құжатында да жазылған.
Ауданда балабақшалар, мектептер, емханалар мен полиция пункттерінің саны жеткілікті болған жағдайда тығыздықты 20%-ға арттыруға жол беріледі, яғни әлеуметтік инфрақұрылым қамтамасыз етілгенде, - деп атап өтті М. Әзірбаев.
Ережені Алматы қалалық мәслихаты 2021 жылғы 31 мамырда қабылдаған және құрылыс салушылар үшін негізгі құжатқа айналған.
Талаптар жиынтығы қала құрылысы саласын жетілдіруге және жақсартуға мүмкіндік береді, яғни жайлы, эстетикалық тартымды қалалық ортаны дамытады.
Сонымен қатар ол қағидаларда қала тұрғындары мен құрылыс салушылардың мүдделері арасындағы тепе-теңдік сақталғанын атап өтті.
Ал құжатты жасаудың алғышарты 2019 жылғы 28 желтоқсанда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы»; «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»; «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін ҚР Заңы болды.