Алматы облысының тұрғыны заңсыз рулетка ойынын ұйымдастырған

13 Шілде 2022, 11:17
1446
Бөлісу:
Алматы облысының тұрғыны заңсыз рулетка ойынын ұйымдастырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты. 

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті қызметкерлері тиісті рұқсат құжаттарынсыз бірнеше ойын мекемелерінде "үстел-рулеткаларды" заңсыз орнату фактілерін анықтады.Ойынға арналған залдары Алматы облысының аумағында орналасқан, тек ойын автоматтарының қызметін жүзеге асыруға рұқсат берілген, - деді ол. 

Әбділов атағандай, мекеме ұйымдастырушылары кіріс алу мақсатында, крупьенің қатысуымен жұмыс істейтін "рулеткаларды" пайдаланған, бұл "Ойын бизнесі туралы" Заңын бұзу болып табылады, өйткені ойын үстелдеріне өкілдердің қатысуына тек казино үшін рұқсат етіледі.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді, - деді Әбділов.

Өзгелердің жаңалығы