Алматы облысының тұрғындарына сел қаупіне байланысты ескерту жасалды

Бүгiн, 08:48
127
Бөлісу:
Алматы облысының тұрғындарына сел қаупіне байланысты ескерту жасалды
Фото: baq.kz

Алматы облысының таулы аумақтарында ауа температурасының жоғарылауы, мұздықтардың қарқынды еруі және мореналық-мұздық көлдердің толуы, өзен арналарында ағын күшейіп, сел жүруі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі аймақтағы тауларға демалысқа шығуға тыйым салды.

Себебі Талғар өзенінің бассейнінде жиналған су тасуы мүмкін, – деп хабарлады әкімдік.

Аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес, Алматы облысының таулы аудандарында температураның жоғарылауы, мұздықтардың қарқынды еруі және мореналық-мұздық көлдердің толуы, өзен арналарында ағын күшейіп, сел жүруі мүмкін.

Талғар өзенінің бассейніндегі №19 көл және оның солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде жиналған су жағалауды жырып ағуы мүмкін. Фондық бағалау әдістемесіне сүйене отырып, сел ағындарын болжау бойынша мұздық көлдің серпілісі осы жылдың 6 тамызынан басталуы ықтимал. Осыған байланысты Талғар ауданының тұрғындары, қонақтары және демалушылар мен туристерге Талғар қаласының басында орналасқан гидротехникалық қондырғыдан асып тауға, демалыс орындарына шығуға тыйым салынған, – деп хабарлады әкімдіктен.

Сонымен қатар Талғар өзені арнасына жақын орналасқан тұрғын үй иелеріне және жергілікті халыққа үнемі әлеуметтік желілерге, теледидар және радиобайланыс желілеріне назар аудару керек екені ескертілді.

Өзгелердің жаңалығы