Әлеуметтік желіде Алматы облысы Кеген кентінің аспанында ерекше құбылыстың жанып өткен видеосы тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған жағдайға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді.
В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институтының мамандарының пікірінше, 3 қараша күні кешке Жаркент қаласы мен Кеген кентінің аспанында түсірілген бейнежазбада Жердің жасанды серігінің атмосферада жанып, қираған сәті түсірілген. Жер атмосферасында жанып кеткен спутник - Starlink ғарыш аппаратының бірі, WISE миссиясының қалдықтары немесе қытайлық Чан Чжен 3В (CZ-3B) зымыранының пайдаланылған бөліктері болуы мүмкін,- деп хабарлады ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.