Алматы облысының 39 жастағы тұрғыны жаңа туған ұлын сатып жіберген

Алматы облысында кәмелетке толмағандарды саудалау фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Арман Мухатов  - архив 19 Маусым 2023 2023, 11:45
19 Маусым 2023 2023, 11:45
1067
Фото: - архив

Алматы облысында кәмелетке толмағандарды саудалау фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Алматы облысының 39 жастағы тұрғыны өзінің жаңа туған ұлын сатып жібергені белгілі болды.

Бұл оқиға 2021 жылдың желтоқсанында болған. Әйел баласын ерлі-зайыпты жұпқа заңсыз асырап алу мақсатында жарты миллион теңгеге сатқан. Айта кетейік, Ел аумағында ішкі істер органдарының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері өткен аптада «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген еді, – деді Шұғыла Тұрлыбек.

Наверх