Алматы облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты

17 Мамыр 2024, 19:38
470
Бөлісу:
Алматы облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты
Фото: скрин

Қарасай ауданы, Жамбыл ауылындағы орта мектепте диспенсер тоғы тұтанған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 22 қызметкері мен 9 техникасы, Алматы қаласының 5 қызметкері мен 1 техникасы шыққан. Аталған жағдайға Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Жамбыл ауылындағы №2 орта мектептің 3 қабатында орналасқан бір кабинетте 2 шаршы метр жерде диспенср тоғы тұтанған. Аталған жағдай болған кезде оқушылар спорт залда денешынықтыру сабағында болған. Қазір жағдай қалыпты. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру қызметі анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен 22 қызметкер мен 9 техника, Алматы қаласынан 5 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды, – деп хабарлайды Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы