Алматыда Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №14 мекеме басшысының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ресми түсінік берді.
2024 жылғы 13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының Алматы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының №14 мекемесі басшысының орынбасарын бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұстады, - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді, - деп хабарлады баспасөз қызметі.