Алматы облысындағы ауылдардың ауыз су мәселесі қашан шешіледі?

14 Маусым 2023, 17:26
1522
Бөлісу:
Алматы облысындағы ауылдардың ауыз су мәселесі қашан шешіледі?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл мәселені Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, Алматы облысына қарасты бірнеше елді мекендердің тұрғындары ауыз судан тарығып отыр.

Бізде халық саны соңғы 20 жылда 600 мыңға ұлғайған. Біздің инженерлік коммуникациялар оған есептелмеген. Ауыз суға желісіне күрделі жөндеу жұмыстары қажет. Қазіргі таңда саяжайлар саны ауылдық елді мекендерден екі есе көп болып тұр. 183 мың халық саяжайда тұрады. Сол себептен инфрақұрылым бұған шыдамайды. Құрылыс қарқынды жүрді де, инфрақұрлым жүрмей қалды, -  деді Марат Сұлтанғазиев.

Әкімнің айтуынша, жағдайды реттеу үшін бірқатар шешім қабылданды. 

Егер құрылыс жүргізсек, онда кешенді түрде жүргізу керек, үй салмас бұрын ол жерге алдымен газ, су, жарық желілерін өткізіп беру керек. Саяжайларды ауылды мекенге қосып, абаттандырамыз. Бесағашқа келер болсақ, бастапқыда халық саны аз болған еді. Қазіргі таңда 15 мың халық тұратын мекенге айналды. Кезек-кезегімен бұл мәселелерді шешетін боламыз, - деді әкім. 

Өзгелердің жаңалығы