Бүгін Алматы облысы ТЖД күшімен Еңбекшіқазақ ауданындағы Ассы жазығында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіп, жоғалған төрт адам табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құтқарушылардың мәліметіне сүйенсек, кеше кешке Ассы жазығына төрт азамат – 1995 жылы туған ер адам, 1995 жылы туған әйел адам, 1997 жылы туған ер адам және 2021 жылы туған бала шыққан. Олар кешке дейін оралмаған соң, туыстары дабыл қағып, көмек сұраған. Көліктің дөңгелегі бұзылып қалғандықтан, олар таулы жерде түнеуге мәжбүр болған.
Барлығын ТЖМ құтқарушылары тауып, аман-есен туыстарына тапсырды. Медициналық көмек қажет болмады, - делінген ақпаратта.
ТЖМ азаматтарды таулы және қол жетуі қиын аймақтарға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ сапар алдында туыстары мен тиісті қызметтерге жоспарланған бағыт туралы алдын ала хабарлауға шақырады.