Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

25 Қараша 2025, 09:48
389
Бөлісу:
 жасанды интеллект/ BAQ.KZ
Фото: жасанды интеллект/ BAQ.KZ

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Қайғылы оқиға Қайназар ауылының маңында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, апат Алматы-Бішкек автожолының 65-ші шақырымында болған.

Алғашқы мәліметтер бойынша, 23 жастағы Audi жүргізушісі көлікті басқара алмай, нәтижесінде көлік Toyota маркалы автокөлікке соғылған.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, медициналық мекемеде қайтыс болды. Сонымен қатар, бес жолаушы әртүрлі жарақат алып, дәрігерлердің бақылауында, - деп хабарлады ДП баспасөз қызметі.

Полиция оқиға бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Қажетті сараптамалар тағайындалып, трагедияның барлық мән-жайлары анықталып жатыр.

Тергеу барысы Алматы облыстық полиция департаментінің басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Өзгелердің жаңалығы