Алматы облысында жоғалған үш балықшы аман-есен табылды

Құтқарушылар іздестіру жұмыстарынан кейін оларды тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.

 ©BAQ.KZ/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 09:47
Бүгiн 2026, 09:47
172
Фото: ©BAQ.KZ/Арман Мухатов

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысында жоғалған үш балықшыны іздестіру жұмыстары аяқталғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, балықшылар 1 шілде күні Бартоғай – Ассы үстірті – Түрген бағытымен жолға шыққан. Белгіленген уақытта оралмай, байланысқа шықпаған соң оларды іздеу басталған.

Дабылды балықшылардың бірінің жұбайы көтеріп, 112 қызметіне хабарласқан.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы, кинологиялық есептоп және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Іздестіру барысында ер адамдар Ассы шатқалы жағынан автокөлікпен өздері шыққан. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі қолжетуі қиын аймақтарға жолға шығар алдында жақындарыңызға баратын бағытыңыз бен қайту уақытын алдын ала хабарлауды, ұялы байланыс болмауы мүмкін екенін ескеруді, көліктің техникалық жағдайын тексеруді, сондай-ақ өзіңізбен бірге су, азық-түлік, дәрі қобдишасы мен байланыс құралдарын толық қуаттап алуды ұсынады.

Наверх