Алматы облысында жер сілкінді

15 Мамыр 2019, 09:45
1892
Бөлісу:
Алматы облысында жер сілкінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 04 сағат 29 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 44 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты - 9,2. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.



Өзгелердің жаңалығы