Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 6 маусымда Алматы уақытымен 06 сағат 10 минут 52 секундта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Хабар 24".
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 244 шақырым жерде орналасқан.Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.2.
Магнитудасы – MPV 6.2.
Эпицентр координаты – 44.94° N 78,78° шығыс.
Тереңдігі – 25 км.
Талдықорған, Текелі, Қарабұлақта – 4 балл, Қапалда 2-3 балл, Алматыда шамамен 2 балл.