Алматы облысында жасырын есірткі жарнамасы көбейген

30 Қазан 2023, 11:35
828
Бөлісу:
Алматы облысында жасырын есірткі жарнамасы көбейген
Фото: kris_p_talgar

Алматы облысы Талғар қаласында есірткі тасымалдаушы болуға шақыратын хабарландыру әр жерде іліне бастаған. Тұрғындар бұндай қағаздардың жиілеп кеткенін айтып, наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Тұрғындар жарнаманың ашықтан-ашық қабырғаларға ілініп, жастарды қызықтыру мақсатында жоғары жалақы жазылғанын айтып шағымданып жатыр. Жарнама беттеріндегі жазу Telegram желісіне сілтейді. Осы жерден жұмыс табуға, есірткі сатып алуға болатын көрінеді.

Алматы облысында жасырын есірткі жарнамасы көбейген

Талғар қаласында осы жарнаманы әр жерден көреміз. Көрген жерден жұлып алып, қоқыс жәшігіне тастауға тырысамын. Күні кеше мектептің алдына іліп жатқанын көріп қалдым, сол бетте жергілікті полицияға хабарлағанша, олар қашып кетті. Қарап отырсақ, бұндай жарнама жастар көп жүретін жерлерде ілінеді. Жалақысы да жоғары екен. Жастар осыған қызығып, жетегіне еріп кете ме деген қорқыныш басым, – дейді қала тұрғыны Дмитрий Носик есімді қала тұрғыны. 

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаментіне хабарластық. 

Полиция есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын сайттарды, жазбаларды, блогтарды және жарнамаларды анықтау үшін интернет кеңістігіне мониторинг жүргізеді. Бұл сайттарда есірткі жасырушыларды жұмысқа тарту ұсынысы болған. Жан-жақты тексеруден кейін расталған жағдайда, олар дереу жойылады, – дейді Алматы облысының полиция департаментінде.

Өзгелердің жаңалығы