Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы облысында жасырын есірткі зертханасы табылды

7 Шілде 2025, 18:01
732
Бөлісу:
 freepik.com
Фото: freepik.com

Алматы облысы Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасы табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл зертханаға есірткі Шу қаласынан жеткізілген.

ІІМ-нің дерегінше, қазіргі таңда синтетикалық есірткі өндіру және таратумен айналысқандар ұсталған. Жедел шаралар барысында 11 келіден астам «мефедрон» тәркіленді. Күдіктілер бұл арқылы құны 1,6 млн АҚШ доллары болатын 35 мың бір реттік дозаны шығармақ болған.

Тінту барысында 20 литр және 115 кг психотроптық зат пен екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Оларды өңдеу арқылы 120 кг синтетикалық есірткі дайындау жоспарланған. Қылмыстық ортаға 17,5 млн АҚШ доллары көлемінде залал келтірілді, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Өзгелердің жаңалығы