Алматы облысында Жас құтқарушылардың кадет сыныбы ашылды

15 Қазан 2021, 18:34
3024
Бөлісу:
Алматы облысында Жас құтқарушылардың кадет сыныбы ашылды

Алматы, BAQ.KZ. Құтқарушылар күні қарсаңында Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінде «Жас өрт сөндіруші» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

19 қазан құтқарушылардың кәсіби мерекесі, азаматтық қорғау жүйесінің ардагерлері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық қызметкерінің мерекесі. 

Биыл Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесіне 26 жыл толады.

2019 жылдан бастап Өтеген Батыр кентіндегі №7 орта мектепте Жас құтқарушылардың екі кадет сыныбы ашылды. Бүгін құтқарушы күні қарсаңында Өтеген батыр кенті №13 орта мектебінде Жас құтқарушылардың үшінші кадет сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары, Іле ауданы әкімінің орынбасары, волонтерлер, ата-аналар және Өтеген батыр кенті №13 ОМ ұжымы қатысты.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелері бойынша өскелең ұрпақпен мақсатты жұмыс жүргізуде. Оның мақсаты - ерте жастан бастап балаларда тіршілік қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шара барысында кадеттер Құтқарушылар күніне орай концерт ұйымдастырды, саптық дайындық дағдыларын көрсетті. Іле ауданының ТЖБ қызметкерлері құтқарушылар мен арнайы техниканың көрсетілімдерін ұйымдастырды және өткізді. Түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірлескен профилактикалық жұмыстары үшін волонтерлерге грамоталар табысталды.

Алматы облысы Қазақстанда мұндай тәжірибені енгізген алғашқы облыс екенін атап өткіміз келеді. Бұл азаматтық қорғау жүйесін құру және дамыту тарихына енетін тағы бір жаңа леп. Мектеп қабырғасынан бастап балалар өз тағдырларын игі іспен байланыстыруды шешкендері қуанышты. Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, мұндай жұмысты ерте жастан бастап балалармен жүргізу өте маңызды. Өз кезегінде Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті оқыту процесін ұйымдастыру үшін жан-жақты қолдау көрсете отырып, осы жұмысты жалғастыратын болады.

Өзгелердің жаңалығы