Алматы облысында заңсыз құрылыс бұзылды

3 Маусым 2024, 10:21
1787
Бөлісу:
Алматы облысында заңсыз құрылыс бұзылды
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыстағы Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз құрылысты бақылау күшейтіліп, 4 коммерциялық нысан бұзылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Байболов көшесіндегі Бәйдібек би ауылындағы құрылыс бұзылды. Меншік иесі - жеке тұлға объектіні рұқсат құжаттарынсыз тұрғызған. Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімімен басқарманың талап-арызы қанағаттандырылды. Бұрын меншік иесіне ерікті түрде бұзу туралы хабарлама жіберілген. Сот шешімін орындау үшін қожайын тарапынан ешқандай әрекет болмағандықтан, сот орындаушылары нысанды бөлшектеп бұзуға кірісті. Ауданда заңсыз құрылысты бақылау күшейтіліп, 4 коммерциялық нысан бұзылды,- дейді баспасөз қызметі.

Алматы облысында заңсыз құрылыс бұзылды

Әкімдіктің айтуынша, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына тағы 7 заңсыз құрылысты бұзуға құжаттар жолданған. Сондай-ақ Бәйдібек би ауылында тағы екі нысанды бұзу жоспарланып жатыр.

 

Өзгелердің жаңалығы