Нұр-Сұлтан, BAQ. Алматы облысының Үштөбе қаласында бір күнде екі бірдей дене шынықтыру пәні оқытушысы тұтқындалды. Мұғалімдер 16 жасар оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Мұғалімдер 16 жасар оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінген. Облыстық полиция таратқан деректерге қарағанда мұғалімдер мектеп оқушысын ғана емес колледж студентіне де зорлық көрсеткен көрінеді.Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Мұғалімдер қылмысы қаншалықты дәлелденді және аты-жөндері кім? Бұл сұрақтарды полиция жауапсыз қалдырды.
Күдіктілер қамауға алынды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеуді жүргізу процесі полиция департаменті басшылығының бақылауында, - деп жауап берді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.
Тәртіп сақшылары тергеу құпиялығына байланысты басқа ақпарат бермейтіндерін айтты.
Ал, күдікке ілінген мұғалімдер еңбек өтілі ұзақ болмаса да, жұмысына адал, білікті ұстаз ретінде танылған. Жағымсыз қылықтары да байқалмапты. Мұны Үштөбедегі аудандық білім бөлімінің басшысы айтты.
Ұстаздардың екеуі де отбасылы. Бұрын істі болмаған.
Негізі 2017 жылдан істеп жүр бұлар, жас мамандар ғой. Мектептің ережесінде бәрі дұрыс. Орысша айтқанда, до этого ничего в плохого не были замешаны. Отбасылы, балалары бар, бойдақ емес, - деді Алматы облысы Қаратал аудандық білім бөлімінің басшысы Қуат Оңғаров.
Оқи отырыңыз: