Алматы облысында вирустың таралуы артты

23 Тамыз 2021, 17:03
13818
Бөлісу:
Алматы облысында вирустың таралуы артты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында індеттің өсу қарқыны 1,1%-ға дейін артты. Бұл туралы Жетісу медиа хабарлады.


Соңғы тәулікте 408 адамнан вирус анықталған. Ауру ең көп таралған аймақ қатарында Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қаратал, Сарқан, Кеген аудандары мен Текелі қаласы бар.

Бүгінгі таңда, 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1875,8 құрады. КВИ анықталған 408 жағдайдың 357-і симптомдық және 51 симптомсыз болып табылады. Облыс бойынша коронавирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,9%-дан 1,1%-ға дейін артты,-делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияға қарсы екпенің бірінші бөлігін өңірдегі 644 263 мың адам алса, екінші компонентін 510 843 тұрғын қабылдап үлгерді.

Өзгелердің жаңалығы