Алматы облысында үш демалыс орнын су басты

14 Шілде 2022, 18:34
1793
Бөлісу:
Алматы облысында үш демалыс орнын су басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытаймен шекаралас Ұйғыр ауданында нөсер жаңбыр салдарынан үш демалыс орнының аумағын су басып қалды.

Бұл туралы Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 13 шілдеде Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы «Шонжы-Қалжат» автожолының 55 шақырымында нөсер жауын салдарынан кешкі сағат 18.00 шамасында 5-10 см беткейлік ағын пайда болған. Су автожолға жайылып, үш демалыс орнының аумағын басып қалған.

Жауын-шашын тоқтады, су деңгейі төмендеді, су транзиттік режимде өтіп жатыр. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жүр, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы