Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы облысында Ұлттық ұланның әскери қызметшісі жарақат алды

Кеше, 22:25
129
Бөлісу:
 ҚР Ұлттық Ұланы
Фото: ҚР Ұлттық Ұланы

Алматы облысында Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі оқу атыстары кезінде атыс жарақатын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 қаңтар күні сағат 15:05 шамасында 5571 әскери бөлімінің оқу полигонында жауынгерлік даярлық жоспары аясында болған.

Оқу атыстарын өткізу кезінде 2025 жылғы екінші шақырылымдағы мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан АК-74 автоматынан сол аяғын жанаспалы атыспен өздігінен жарақаттаған.

Оқиға орнында оған дереу медициналық көмек көрсетіліп, кейін Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді. Әскери қызметшінің жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды органдар зақымданбаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы