Алматы облысында туристік-сауықтыру қызметі 1,5 есеге артқан

3 Ақпан 2022, 17:50
1933
Бөлісу:
Алматы облысында туристік-сауықтыру қызметі 1,5 есеге артқан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы облысында өткен жылы туристік-сауықтыру қызметі 2020 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан. Бұл туралы Алматы облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов «Jetisý Media» ақпараттық алаңында өткен брифингте айтты.

Карантиндік шектеулер кезінде отандастарымыздың көпшілігі ішкі туризмді таңдады. Жазғы маусымда Алакөл, Балхаш пен Қапшаға көліне 1,7 млн адам барған. Қазір Алакөл жағалауын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Сумен қамту, кәріз жүйесі, бөгет дамбаларының құрылысы, сондай-ақ Үшарал қаласы әуежайның ұшу алаңы жөндеуден өтіп жатыр,-деді Әмірханов.

Сонымен қатар ол Алматы облысының тау кластерін дамыту жоспары аясында жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұл ҚР 2019-2025 жылдарға арналған туристік саласын дамыту бағдарламасының бір бағыты болып табылады.

Бұл бағытта Талғардағы «Oi-Qaraqai Lesnaya Skazka» және «Ақбұлақ» таушаңғы курортын дамыту жөнінде жол картасы бекітілген. Оған жергілікті бюджеттен 119,3 млн теңге бөлінді,-деп таап өтті Алматы облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов.
 

Өзгелердің жаңалығы