Алматы облысында туристер мінген көлік аударылды

Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобус аударылып, 13 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 Алматы облысының әкімдігі 27 Мамыр 2024 2024, 13:11
27 Мамыр 2024 2024, 13:11
2194
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобус аударылып, 13 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ақпарат бойынша автобус "Қазавтожол" желісіне жататын "Аласа" асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметі түсінік берді.

27 мамыр күні сағат 10:20-да Алматы облысы, Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобуспен жол апаты орын алды. Алдын ала ақпарат бойынша, автобус "Қазавтожол" желісіне жататын "Аласа" асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді, – дейді Алматы облысының әкімдігі.

Жол апаты бойынша адам шығыны тіркелмеген. 

Оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында, – дейді баспасөз қызметі.

Наверх