Алматы облысында толассыз жауған жаңбырдан тұрғын үйлерді су басты

Бүгiн, 01:18
836
Бөлісу:
Алматы облысында толассыз жауған жаңбырдан тұрғын үйлерді су басты
VIDEO
Фото: видеодан кадр

Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбыр салдарынан көлбеу ағыны пайда болып, 15 аула аумағы мен 3 тұрғын үйді су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады. Сонымен қатар субасқан аумақтардан суды сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмыстары жүргізілуде, жағдайға мониторинг жалғасуда, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Жұмыстарға ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 бірлік техника жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы