Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы облысында тас қараңғыда тауда адасып кеткен туристер құтқарылды

Нұрқанат Атажан
24 Қараша 2025, 10:32
251
Бөлісу:
 ТЖМ
Фото: ТЖМ

23 қарашада Іле Алатауының Үлкен Алматы шыңына шыққан екі адам қараңғы түскендіктен өз бетінше төмен түсе алмай, қиын жағдайда қалып қойған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Құтқарушылардың мәліметіне сүйенсек, олар шыңға күндіз көтерілген, бірақ қараңғы түскендіктен төмен түсу мүмкін болмады. Осылайша, туристер 112 нөміріне қоңырау шалған.

Көмек сұрап, өздерінің Қотырбұлақ шыңында екенін хабарлады. Оқиға орнына шыққан ТЖМ құтқарушылары Қотырбұлақ шыңы бағытында жүріп, оларды Букреев шыңында тапты. Үйлесімді және кәсіби іс-қимылдардың арқасында барлығы таудан сәтті түсірілді,- деді құтқарушылар.

Белгілі болғандай, ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Өзгелердің жаңалығы