Алматы облысында су тасқыны мен көшкін қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Талғар ауданында Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Масабаев, облыстық ТЖД бастығы Д. Оразбеков, сондай-ақ аудан әкімдігінің өкілдері мен салалық қызметтер мамандарының қатысуымен су тасқыны мен көшкін қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді.
Тексерілген учаскелер:
1. Бесағаш және Тұздыбастау ауылдарының шекаралық аймағы:
Алматы – Алатау тас жолындағы құбыр өткелі мен су басу қаупі бар аумақтар тексерілді. Судың өткізу қабілетін арттыру, арнаны тазалау және жағалауды нығайту шаралары талқыланды.
2. Бесағаш ауылындағы көшкін қаупі бар учаске:
«Бурабай» коттедж қалашығындағы қауіпті еңістер қаралды. Қауіпті азайту және еңістерді нығайту бойынша шаралар талқыланды.
3. Талғар қаласындағы сел ұстайтын бөгет:
Гидротехникалық нысанның техникалық жағдайы тексеріліп, 2025 жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары қарастырылды.