Бейресми дерек бойынша Қарасай ауданында орналасқан SDU университетіне «бомба қойылды» деген ақпарат тараған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алайда аталмыш оқу ордасының баспасөз қызметі ғимаратқа қауіп төніп тұрмағанын растады.
Университеттің дерегіне сүйенсек, лаңкестік әрекеттің ықтималдығы туралы хабарлама аталмыш ЖОО-ғана емес Алматы облысындағы бірнеше ұйымға да келіп түскен.
Қазір құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатқанын, барлық қауіпсіздік шаралары қабылданғанын атап өткіміз келеді. Бұл шара біздің қауымдастықтың барлық мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Студенттеріміздің, қызметкерлеріміздің және келушілеріміздің қауіпсіздігі біз үшін бәрінен де маңызды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдадық. Қазіргі уақытта айналамызға қауіп төндіретін жағдайлар жоқ, – дейді SDU-дың баспасөз қызметі.