Алматы облысында стенд атудан Әлем кубогі кезеңінің ашылу рәсімі өтті

Халықаралық турнир 2-11 мамыр аралығында Халықаралық спорттық ату федерациясы қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

 Туризм және спорт министрлігі Бүгiн 2026, 07:48
Бүгiн 2026, 07:48
82
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Алматы облысы аумағында орналасқан Александр Асанов атындағы мергендер клубы базасында стенд атудан ISSF Әлем кубогі кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықаралық турнир 2-11 мамыр аралығында Халықаралық спорттық ату федерациясы қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Жарысқа әлемнің 43 елінен 550-ге жуық спортшы мен ресми өкіл қатысуда.

Бағдарлама аясында ерлер мен әйелдер арасындағы трап, скит, сондай-ақ аралас командалық жаттығу – трап-микс бойынша сайыстар өтеді.

Ашылу рәсіміне Ербол Мырзабосынов, Лючиано Росси, Александр Ратнер, Берік Асылов, Марат Сұлтанғазиев және халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында мергендер клубы аумағында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені де ашылды. Заманауи нысан көпфункциялы залды, бассейнді, жаттығу және семсерлесу алаңдарын, сондай-ақ жабық пневматикалық тирді қамтиды. Бұл кешен өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға және спортшыларды даярлау мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.

Наверх