Алматы облысында сібір елігін атып, ат құйрығына байлап қойған браконьерлер ұсталды

7 Наурыз 2022, 10:40
2553
Бөлісу:
Алматы облысында сібір елігін атып, ат құйрығына байлап қойған браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында «Іле-Алатауы» ұлттық паркі инспекторлары сібір елігін атқан браконьерлерді ұстады, деп хабарлады ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі. 

Түрген филиалының инспекторлары Қ.Әшімов, М. Байтасов, К. Жылқайдаровтар рейд жүргізген. Барлау кезінде Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қорығының аумағында аттылы Алматы облысының екі тұрғынынан екі мылтық пен сібір елігі (еркегі екен) анықталған.

Бір қызығы браконьерлер атқан олжасын сол қалпы ат құйрығына байлап қойған. Ұстау кезінде құйрығына елік байланған жануар үркіп, елді мекенге қашқан. Алдымен браконьерлерді құрықтаған инспекторлар артынша елік байланған атты да ұстады.

Инспекторлар құқық бұзушыларды Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына жеткізді. Қазір аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы