Алматы облысында шетелдік жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып кетті: біреуі көз жұмды

14 Ақпан 2022, 19:46
1626
Бөлісу:
Алматы облысында шетелдік жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып кетті: біреуі көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында шетелдік жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматы облысында белгісіз бір жүргізуші Жапек батыр-Комсомол автожолының бойымен солтүстік бағытта үш жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ЖКО орнынан ізін суытқан. Үш 18, 17 және 16 жастағы зардап шеккендер әртүрлі жарақат алды. 

Соқтығысу салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі алған жарақаттарынан қайтыс болды, екеуі түрлі дәрежедегі дене жарақатымен ауданның орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында жүргізуші анықталып, ұсталды. Ол көрші мемлекеттің азаматы, Іле ауданының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша жергілікті полицияда тіркелді, күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп түсіндірді Іле АПБ бастығы Бауыржан Қабдулданов. 

Тексеру барысында Өзбекстан азаматы өзі үшін көлік құралын сатып алғаны белгілі болды, бірақ күдіктінің көлік жүргізу құқығына құжаттары жоқ. Жол көлік оқиғасынан кейін күдікті жасырыну мақсатымен Түркістан облысына шығып кеткен. Бірақ тәжірибелі жедел уәкілдер оның тұрған жерін анықтап, Алматы облысы Іле ауданының полициясына жеткізді.


 

Өзгелердің жаңалығы