Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың шектеу шаралары мен «Ashyq» жобасын енгізу жөніндегі жаңа қаулысы шықты.
Қаулығы сәйкес «қызыл аймақ», «сары аймақ», «жасыл аймақ» қатер аймақтарына қарай облыстың аудандары мен қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысына шектеулер мен рұқсаттар қамтамасыз етілсін делінген.
Сондай-ақ «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарына кіру үшін «Ashyq» қосымшасын пайдалану қажеттігі туралы халыққа хабардар ету, ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды өткізуге тыйым салынған.
Букмекерлік кеңселердің қызметіне, кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салу, балаларды сауықтыру лагерінің қызметіне тыйым салынсын, - делінген құжатта.
Сондай-ақ қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, ауладағы балалар алаңына және басқа да қоғамдық орындарға дезинфекциялық өңдеу жүргізу қажеттігі айтылған.
Қаулының толық нұсқасымен танысу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.