Алматы облысында шаруа қожалығында өрт шықты

1 Шілде 2024, 22:47
303
Бөлісу:
Алматы облысында шаруа қожалығында өрт шықты
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы облысында шаруа қожалығында өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Рахат ауылында шаруа қожалықтарының бірінің аумағында шаруашылық құрылысының өртенуі орын алды. Құтқарушылар күшімен ауданы 190 шаршы метрдегі өрт толықтай жойылды, - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы