Алматы облысында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына» белгі тас қойылды

4 Қараша 2021, 16:55
2317
Бөлісу:
Алматы облысында «Саяси  қуғын-сүргін құрбандарына» белгі тас қойылды

Алматы, BAQ.KZ. Ақсу ауданы Сағабүйен ауылында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына» арналған белгі тастың ашылу салтанаты өтті.

Ашылу рәсіміне аудан әкімі Есім Сейілханұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Айтбайұлы, сол заманда қуғын-сүргін құрбаны болғандардың ұрпақтары, ауыл азаматтары, БАҚ өкілдері қатысты.

Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ауыр да, азапты жылдарымен есте қалды. Халқымыздың басынан өткен ашаршылықпен, қуғын-сүргін ел есінде мәңгі сақталып, өмірімізде өткеннің сызы болып қалды. Бүгінгі ұрпақтары саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтау үшін, және келешек ұрпаққа тарихымызды тасқа жазып қалдыру үшін белгі орнатты.

Алматы облысында «Саяси  қуғын-сүргін құрбандарына» белгі тас қойылды


Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған бұл белгі таста елін жерін қорғап, жазықсыз атылған 100 құрбанның есімі жазылған. Демеушілік қолдау көрсеткен Өтеуіл қажы ұрпақтары, басы-қасында жүрген Рамазанов Ерлан Тұрбатырұлы, ауыл әкімшілігі мен ауыл азаматтары, - делінген ақпаратта.

Аудан басшысы сөз сөйлеп, осы игі бастаманы жүзеге асырған алғысын білдірді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Айтбаевта аға буын өкілі ретінде тілегін білдірді.

Шара соңы боздақтарға арналып құран оқылып, жеті шелпек таратылды.



Өзгелердің жаңалығы