Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов пен Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов ауқымды реновациядан кейін жаңартылған өрт сөндіру бөлімінің ашылу рәсіміне қатысты. Бар болғаны 90 күн ішінде бөлімшенің инфрақұрылымы жаңартылып, жеке құрамның қызмет атқаруына, кәсіби даярлығына және демалуына қолайлы жағдай жасалды.
Құтқарушылардың дене даярлығына ерекше көңіл бөлінді. Өрт сөндіру бөлімінде заманауи Batyr Team фитнес залы жабдықталып, оған жақын жерде жаттығулар мен командалық спорттық іс-шараларды өткізуге арналған футбол алаңы салынды.
Ашылу рәсімі барысында министр мен облыс әкімі реновация жұмыстарының нәтижелерімен, қызмет атқару жағдайларымен және жаңа спорттық инфрақұрылыммен танысты. Жасалған жағдайлар өрт сөндірушілерге дене даярлығын сақтауға, жаттығулар өткізуге және кезекшіліктен кейін күш-қуатын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Өрт сөндіру бөлімшесін реновациялау ТЖМ-нің бөлімшелерді жаңарту және қызметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмысының бір бөлігі болып табылады. Жеке құрам үшін заманауи жағдайлар жасау құтқарушылардың жедел ден қоюға дайындығын арттыруға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.