Алматы облысында реанимацияда жатқандардың 99%-ы вакцина алмағандар - әкімдік

28 Тамыз 2021, 11:32
12356
Бөлісу:
Алматы облысында реанимацияда жатқандардың 99%-ы вакцина алмағандар - әкімдік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы облысындағы эпиджағдай және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы өткен онлайн брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов айтты.

Облыста эпиджағдай күрделі. Осы жылдың 1 тамызынан бастап коронавируспен ауырғандар екі есеге өсіп, 8 822 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте 380 жағдай анықталды. Ауруханаларда коронавирус инфекциясынан емделіп жатқандар саны да өсті. Мәселен, мамыр-маусым айларында 100-150 адам ауруханаларға түссе, тамыз айында күніне 350-400-ге жуық адам түсіп жатыр, - деді ол.
Байжұмановтың мәліметінше, жедел жәрдем шақыртулары 3 000-нан 5 000-ға дейін көбейіп, рекордтық жағдайға жетіп отыр. Бұл облыс тұрғындарының шектеу шараларын сақтамауының кесірі.
Ауруханаларда, стационарлық емдеуде 3 268 адам, реанимацияда 103 адам ем алып жатыр. Реанимацияда жатқандардың 99%-ы вакцина алмағандар. Облыстың медициналық ұйымдары қажетті жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Науқастарды емдеу хаттамаларға сәйкес жүргізіледі, - деп толықтырды облыс әкімінің орынбасары.
Сонымен қатар медициналық мекемелер жанынан құрылған 391 мобильді бригада 6 051 пациентке амбулаториялық көмекті үйде көрсетті. Тұрғындарды өзін-өзі емдеумен айналыспауға, аурудың алғашқы белгілері болса, мобильді бригадалардың қызметтерін пайдалануға болады.
Өзгелердің жаңалығы